4 шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құру туралы жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Кеңес төрағасы Тоқаевтың өзі болмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Президенттің тиісті жарлығы Қазақстан нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жарияланды.
"Қазақстан Республикасы президентінің жанынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрылсын", — делінген құжатта.
Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің құрамы мынадай болмақ:
- Қазақстанның президенті, төраға
- Қазақстан премьер-министрі
- Қазақстан парламенті сенатының төрағасы (келісім бойынша)
- Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы (келісім бойынша) Қазақстан президенті әкімшілігінің басшысы
- Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы
- Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары
- Қазақстан Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы
- Қазақстан Қаржы министрі
- Қазақстан Ұлттық экономика министрі
Сондай-ақ жарлыққа сәйкес, Қазақстанның Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес Қазақстан президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде белгіленген. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады
Кеңестің негізгі міндеттері — Қазақстан Ұлттық қорының қаражатын пайдалану және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару мәселелері бойынша жәрдемдесу және Қазақстан президентіне ұсынымдар әзірлеу.
Кеңес Қазақстан Бюджет кодексінің 63-бабына сәйкес Қор қаражатын пайдалану мәселелерін қарайды.
Кеңес міндеттерін орындау үшін:
- қор қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
- Қордан республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері бойынша ұсыныстарды қарау мен әзірлеуді;
- қаржыландырудың балама көздері болмаған кезде Қазақстан президентінің шешімі бойынша аса маңызды объектілер мен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыруға жіберілетін, Қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің көлемдері мен бағыттары бойынша ұсыныстарды қарау мен әзірлеуді;
- жобаларды сараптау нәтижелерін ескере отырып, Ұлттық әл-ауқат қорының борыштық бағалы қағаздарын сатып алу жолымен Қор қаражаты есебінен жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды қарау мен әзірлеуді;
- Қорда орналастыру үшін материалдық емес рұқсат етілген қаржы құралдарының және олармен тізбесі жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
- бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерді қоспағанда, жасалған мәмілелердің зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
- бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялау бағыттары жөнінде ұсыныстарды қарау мен әзірлеуді;
- бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін айқындау жөнінде ұсыныстар әзірлеуді;
- бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарауды жүзеге асырады.
Айта кетсек, бұл жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап туылған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз