Алматыда алаяқтықтың алдын алу туралы меморандумдарға қол қойылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Алматы қаласы прокуратурасында интернет және телефон алаяқтықтарының алдын алу мақсатында ынтымақтастық туралы үш меморандумға қол қойылды.

Барлық келісімдер бір іс-шара аясында жасалды.

Жарты жылдың ішінде Алматыда 4 мыңнан астам алаяқтық оқиғасы тіркелді, оның 1 мыңнан астамы онлайн ортада жасалған.

Бұл қауіп-қатерлерге жауап ретінде қала прокуратураcы бірқатар негізгі ұйымдармен әріптестік бастамасын көтерді.

Бірінші меморандум "Altyn Bank" АҚ-мен жасалды. Құжат push-хабарламалар арқылы ескертпелер енгізуді және банк бөлімшелерінде ақпарат орналастыруды қарастырады.

Құжатқа Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков пен банктің басқарма төрағасы Мұрат Байсынов қол қойды.

Іс-шараға төраға кеңесшісі Алик Шпекбаевта қатысты.

Екінші меморандум "Алматы қаласының көлік холдингі" ЖШС директоры Дәурен Сабитовпен жасалды.

Ескертпе материалдар "Онай" жүйесінде — көлік карталарында және мобильді қосымшада орналастырылады.

Үшінші келісім "АЛСЕКО" АҚ-ның бас директоры Юрий Федорцовпен жасалды.

Алаяқтардан қорғану тәсілдері туралы ақпарат коммуналдық төлем түбіртектерінде көрсетілетін болады.

Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков мұндай қылмыстардың алдын алу мемлекет пен бизнестің үйлесімді әрекетін талап ететінін атап өтті.

Қол қойылған келісімдер азаматтарды жүйелі түрде қорғауға және цифрлық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.