Көп қабатты үйдің паркингінде көлік өртенді: 50-ге жуық адамды құтқарылып, эвакуацияланды, деп хабарлайды ТЖМ ресми Telegram-арнасында.
"Ақтөбе қаласының Бөкенбай батыр көшесінде бес қабатты тұрғын үйдің паркингінде жеңіл автокөлік жанды. Жоғарғы қабаттардан жедел келген өрт сөндірушілер 9 адамды құтқарып, 40 адамды эвакуациялады.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталады", — делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз