Қазақстандық UFC файтер Шавкат Рахмонов люкс санаттағы Mercedes-Benz Gelandewagen көлігін сатып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жариялады.

Жекпе-жек шебері осылайша өзіне қымбат сый жасауды шешкен.

«Өзіңе өзің осылай сыйлық жасап тұрмасаң ешкім сені ойламайды», – деп жазды Рахмонов әзілдеп желідегі парақшасында.

Mercedes-Benz-тің Қазақстандағы ресми диллерінде аталған көліктің құны 103 млн теңгеден басталады.

UFC жұлдызы бұған дейін жарақаты жазылып жатса, желтоқсан айында сегізбұрышқа оралып қалуы мүмкін екенін айтқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shavkat Rakhmonov (@shavkatrakhmonov94)