Ақтөбеде қағаз өндірісі дамып келеді. Биыл индустриялық аймақ базасында құны 10 миллиард теңгеден асатын картон және қағаз өндіру зауыты жұмысын бастады. Серіктестік өндіретін өнімнің жылдық қуаты — 42 мың тонна жалпақ қабатты картон. Кәсіпорынның қағаз, картон өндірісіндегі бәсекелестікте артықшылығы зор. Ең бастысы — географиялық орны. Қала маңындағы бұл индустриялық аймақ отандық және шетелдік инвесторларды қызықтыруда . Мұнда былтырдан бері 86 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылған. Шикізаты макулатура қазір тек Ақтөбе қаласынан жиналады. Бірақ алдағы уақытта кәсіпорын макулатура көлемін ұлғайтуды жоспарлар отыр.

Арыстанбек Күзенбаев, зауыт жұмысшысы:

Қағаздарды қоқысқа тастамай, осында әкелсе, іске жаратамыз. Осындай зауыттар Ақтөбе облысында ашыла берсін. Картондарды тиеп, Алматыға жібереміз. Сосын қайта өзімізге өңделіп келеді. Оны қала бойынша таратамыз.

Ғабит Ұзақбай