Түркістан қаласындағы Оранғай өзенінің маңында «Қоқыссыз өзен: экология, спорт және қауіпсіздік» тақырыбында сенбілік өтті. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған шарада еріктілер өзен жағалауларын қоқыстан тазартып, демалыс орындарын ретке келтірді. Сонымен қатар арнайы экологиялық мәдениетті қалыптастыру жайы талқыланды, суға түсуге тыйым салынған аймақтарда болатын оқыс оқиғалардың алдын алу барысы түсіндірілді. Ал Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережерлері мен алғашқы көмек көрсету бойынша арнайы сабақтар өткізді. Ұйымдастырушылар «Таза Қазақстанның» тек тазалық жұмысы емес, бұл – экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдық жауапкершілікті арттыруға, әрі жастарды белсенді өмір салтына бейімдеуге бағытталған шара екенін жеткізді.

Гүлстан Таран, ерікті:

Тазалық өзімізден басталады. Таза болып жүрсек, қораған ортаға да сол нәрсе әсер етеді. Сол үшін де қоршаған ортаға өзіміздің пайдамызды тигізіп жүр.

Айнұр Әбілқасымқызы