Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды.
Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» қолдауымен өткен «ЕСО ACTION» челленджіне өңірдегі колледж студенттері қатысты. Табиғат жанашырлары алдымен қала көшелерін тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Одан кейін белсенді жастар флешмоб ұйымдастырып, оны әлеуметтік желі арқылы облыстағы 17 аудан мен қала жастарына жолдады. Шара аясында облыс орталығы жастарының бастамасы экологиялық мәдениетті нығайтып, жастар арасындағы ынтымақтастық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталды. «Акцияның басты мақсаты – өңірдің жасыл аймағын кеңейту, экологиялық мәдениетті нығайту және жас ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңызын насихаттау»,-дейді белсенді жастар.
Нариман Мархабаев, облыстық Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:
- Аудан-қалада өткен осы сияқты челлендждер әлеуметтік парақшаларға салынып, әлеуметтік желідегі жастардың да көзқарасын оңтайландыру. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қызығушылығын арттыру мақсатында осы жұмыстарды атқарып жатырмыз.