Сәтбаев қаласында дәрігерлер орталық аурухана аумағын тазалады.
«АMANAT» партиясы ұйымдастырған кезекті таза бейсенбі акциясына бастауыш партия ұйымынан 35 адам қатысты. Қар күреп, жаяу жүргіншелер жолының мұзын ойды. Жалпы шағын шаһарда мұндай акция апта сайын үзбей ұйымдастырылады. Бұдан бөлек жыл басынан бері 30-дан астам қалалық және облыстық сенбілік өтті. Нәтижесінде 2 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды.
Асылхан Шолтаманова, Сәтбаев қалалық ауруханасының эпидемиолог-дәрігері:
- «Жаны саудың-тәні сау» демекші, денсаулық сақтау қызметкерлері өздерінің қызметтерімен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Қазір қыс мезгілі болғаннан кейін қар тазалау жұмыстары, шашылып жатқан қағаздар болады. Жан жағымызды, соларды жинастырып, бір кісідей атсалысып жатырмыз.