Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова мен оның жеке өмірі, шығармашылығы соңғы кездері көптің қызу талқысына түсіп жатыр.
Желіде енді әншінің бұрынғы енесі мен алғашқы некесіндегі қиындықтар туралы видео тарады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Өнер иесінің бұрынғы енесі ұлы Арыстан мен Мөлдірдің некесі туралы бар шындықты айтты.
«Арыстанның жүрегінің қалауы болып, соған үйленді. Жаман қарсы алған жоқпын мен Мөлдірді. Гастрольдерде жүретін. Арыстан ешқандай кедергі жасаған жоқ. Қазір талай сұхбат берді, оны жамандағым келмейді.
Өйткені ол менің немеремнің анасы. Еркек әйелмен, әйел еркекпен жарасады. Екеуінің мінезі жараспады, тұра алмады. Мен араласқан емеспін.
Біз немеремізбен араласуға оның анасының рұқсатын алу үшін, бардық. Сонда Мөлдірдің жауабы: «Менің әкемнің үйі проходной двор емес, бірің келіп, бірің кететін» деген сөз айтты. Оның өз өмірі бар, менің баламның өз өмірі бар. Төрт әпкесі, шешесі күн бермеді деп айтты.
Ал, екінші күйеуден неге ажырасты? Не ене, не қарындас болған жоқ мысалы үшін? Әр балаға әке-шеше керек», — деді ол.