«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Зеренді көлінің жағалауы да қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды 24kz.
Шараға еріктілер, жақын маңдағы ауыл тұрғындары мен қоғам белсенділері білек сыбана кірісті. Олар бір күн ішінде жарты тонна қоқыс жинап алып, көлікке тиеді. Сонымен қатар көпшілік суға шомылатын жағажай аумағын ретке келтірілді.
Қанат Жүсіпов, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары:
- Зеренді көлі – ауданымыздың басты байлығының бірі. Сондықтан оны әрқашан таза ұстауға тырысамыз. Себебі жазғы уақытта мұнда мыңдаған турист келеді.
Гүлнәз Қадырбекова, «Жасыл ел» жастар жасағының мүшесі:
- Қазіргі таңда біздің қоғамымызда экологиялық мәселе және «Таза Қазақстан» акциясы өте өзекті. Біз өзіміз үлесімізді қосқымыз келеді. Табиғатты жақсарту үшін, орманымызды гүлдету үшін.