Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқар Ерсаев мәлімдеді. Өткен жылы Катармен келісімге қол қойылды. Енді қазақстандықтар онда ресми түрде жұмысқа орналаса алады. Қазіргі уақытта тағы да бірқатар елдермен келісімге келу жоспарланған.

Асқарбек Ертаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:

- Сонымен қатар Оңтүстік Корея, Сауд Арабиясы БАӘ, Словакия, Жапония, Швеция, Италия, Норвегия, Польша, Чехия, Румыния және Финляндиямен келісім мен меморондум жасау бойынша жұмыстар жүргізілуде Қазақстаннан барған еңбек мигранттарын қорғау бойынша жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін реттеу бойынша шаралар қабылдануда.