Бұл туралы Атырау облысы Қызылқоға ауданының прокуратурасы мәлім етті.


Прокуратура аудандық ауруханада қызметкерлерді міндетті сақтандырудың қамтамасыз етілмегенін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қызылқоға ауданы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында аудандық аурухана қызметінде заң бұзушылықтарды анықтады.

Тексеру нәтижесінде 2025 жылдан бері мекеме қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын міндетті сақтандыру талаптары орындалмағаны белгілі болды. Соның салдарынан 520 медицина қызметкері өз міндеттерін тиісті сақтандыру қорғауынсыз атқарып келген.

Прокуратураның мәліметінше, сақтандырудың болмауы өндірістік жарақат немесе өзге де төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлердің заңмен көзделген өтемақы төлемдері мен әлеуметтік кепілдіктерден айырылу қаупін туғызған.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде медицина қызметкерлерінің еңбек және конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.