Аймақтан барлығы 14 мыңнан аса отандасымыз эвакуацияланды.
Таяу Шығыстан Қазақстан азаматтарын шығару үшін 4 млн доллар жұмсалды. Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ведомство басшысының сөзінше, қақтығыс аймағынан барлығы 14 мыңнан аса отандасымыз эвакуацияланды.
"Ол жақтағы жолаушылардың жартысы қайтар бағытқа әуе компанияларынан билет сатып алып қойған. Яғни, компаниялардың қызмет ақысының бір бөлігі төленген. Сәйкесінше біз сақтандыру тәуекеліне қатысты белгілі бір бөлігін өтедік. Бұдан басқа Дубайдағы азаматтарды жағдай тұрақтырақ болған басқа елдерге алып шығуымыз қажет болды. Осының бәріне 4 млн доллардай кетті", – деді Көлік министрі.