Маңғыстау облысында туристер жиі баратын орындарда сенбілік өтті. Тазалық акциясы Түпқараған және Маңғыстау ауданында ұйымдастырылды. Экобелсенділер ерікті жастармен бірлесе Ақтаудан 43 шақырым жердегі жағажайда бей-берекет жатқан тұрмыстық қалдықтарды жинастырды. Жазда осы жерде шомылатын жұрттың қарасы қалың болады. Өкінішке қарай кейбірі табиғат аясына қоқыс тастап кетеді. Сенбілік түс ауа Самал шатқалында жалғасты. Бұл аумақ та бақыланбайды. Сол себептен адамдар демалыс орнын таза ұстауға құлықсыз. Үкіметтік емес ұйым мүшелері ендігі сенбілікті Қарақия ауданында өткізуді жоспарлап отыр.

Рахима Төлесінова, волонтёр:

Өзім ерікті түрде сенбілікке келдім. Яғни бұл сенбіліктер нені береді, нені үйретеді? Бұл жерде өзіміздің өлкемізді, жерімізді таза ұстауды. Яғни осындағы барлық қоқыстардан тазалық жұмыстарын жүргіземін. Мен мұндай іс-шараға белсенді түрде ерікті түрде бір емес, бірнеше рет қатысамын. Өзіме қатты ұнайды және де сіздерді шақырамын.

Аягөз Оралбайқызы