Бүгін Түркістан облысының Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде ауқымды сенбілік өтті. Тазалық акциясына аудан әкімдігі, ауылдық округ әкімдігінің қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар да белсене қатысты. Көпшілік ауыл ішіндегі көшелер мен саябақтарды, аула мен арық-атыздарды қоқыстан тазартты. Сонымен қатар, ағаш түптерін әктеп, гүлзарларды ретке келтірді, су арналарын тазартып, ағаш көшеттерін отырғызды.

Нұргүл Ахметова