Есіл өзенінің жағасы тазартылды. Целиноград ауданы, Талапкер ауылында өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері және жергілікті тұрғындар белсене атсалысты. Мақсатымыз — қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына қоғам назарын аудару дейді жастар.

Махабат Ирешова, Целиноград ауданы Жастар ресурстық орталығының директоры:

Тек қана сенбілік өткізіп, ауланы тазалап, қоқыстар жинау ғана емес, бұл – экологиялық сананы қалыптастыру, азаматтық борышты ояту деген мақсатта. «Таза Қазақстан» акциясы біздің ауданымызда жиі өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда 150-ден астам сенбілік өткізілді.

Дархан Рақымжан