Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Алматы облысында «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы жалғасып жатыр. Қараой ауылының орталық саябағында экологиялық акция ұйымдастырылып, 70-тен аса адам демалыс орнын күл-қоқыстан тазартты. 1,5 тоннаға жуық қоқыс арнайы техникамен сыртқа шығарылды. Жалпы, жыл басынан бері тазалық шараларының нәтижесінде 476 тоннадан астам қоқыс жиналған. Ұйымдастырушылар мұндай игі шараны әр бейсенбі ұйымдастырады.

Алмасбек Сатибаев «Amanat» партиясы іле аудандық филиалының төрағасы:

«Таза Қазақстан» акциясының бізге мәні өте зор. Болашақ ұрпаққа енді, өскелең ұрпақ осы біздің атқарып жатқан жұмыстарымызды көргеннен кейін осыдан тәлім тәрбие алады ау деген ниеттен осындай акцияларды біз жиі өткізудеміз.

Мәдина Нағашыбай