Түркістан облысының Сарыағаш ауданында жарамсыз қағаздарды кәдеге асырып отырған кәсіпорын жұмыс істейді. 4 жыл бұрын ашылған серіктестік тәулігіне 35 мың дана жұмыртқа қорабын шығарады. «Ауыл аманаты» жобасы аясында ашылған өндіріс орны ауданның жұмыртқа қорабына деген сұранысын толықтай қамтып отыр. Облыс аумағындағы ондаған құс фабрикасымен келісімге тұрып, қажетті көлемде қораптарды жеткізіп береді. Ең бастысы — құс фабрикалары үшін қораптың бағасы тиімді. Бүгінде жиырмаға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтыған мекеме ұжымы алдағы уақытта өндіріс ауқымын арттырмақ.

Айнұр Әбілқасымқызы