Мал шаруашылығымен айналысатын қазақстандықтарға жеңілдетілген несие беріледі. Енді іске асатын бағдарламаны Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров түсіндірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өсімдік шаруашылығына «Кең дала 2» бағдарламасы арқылы 5 пайызбен қаржы берілді. Енді дәл сондай бағдарламаны мал шаруашылығына да енгізуді көздеп отырмыз. Қазір айналымға 5 пайыз мөлшерлемеде кредит беру тетігін қарастырып жатырмыз. Мемлекеттік органдармен келісім жүргізілу үстінде. Бұл жұмыс 5-10 күнде аяқталып қалуға тиіс. Одан соң жобаны өңірлеге жеткіземіз. Кейін жеңілдетілген несие ретінде беріледі, — дейді Сапаров.

Министр қазір несиелеуге қажетті қаржы 50 млрд теңге екенін атап өтті.

Сол көлемде 50 млрд теңге айналым қаражатын қаржыландыру бағдарламасы да іске қосылады. Жылдық мөлшерлеме 5%-дан аспайды, — дейді Айдарбек Сапаров.