Биылғы көрме осы уақытқа дейін өткізілген көрмелердің ең ауқымдысы.


EXPO халықаралық көрме орталығында қазақстандық өндірушілердің IX "Ulttyq ónim – 2026" жыл сайынғы көрмесі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көрме алаңында Қазақстанның барлық өңірінен келген 600 тауар өндіруші өз өнімін ұсынды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен екі есе дерлік артық.

"Ulttyq ónim – 2026" көрмесі ЭКСПО ХКО-да 24 мамырға дейін жалғасады. Осы күндер бойы ол B2B-кездесулер, панельдік сессиялар, шеберлік сыныптары мен қазақстандық бизнестің жетістіктерін көрсету үшін тиімді алаңға айналады.