Биылғы алты айда ел ішінде 4 млн-ға жуық адам демалған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 500 мыңға көп. «Қазақ туризм» компаниясының мәліметінше, бұдан бөлек елімізге 7,5 миллионнан астам шетелдік келген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 600 мың адамға көп.
Қазақстандықтар демалуға ₸151 млрд жұмсады
Алты айда демалыс орындары 151 млрд теңгеге қызмет көрсеткен. Былтырғымен салыстырғанда өсім 25%. Демалыс орындарының саны 6% артты. Айта кетейік, жыл басынан бері туристік салаға 592 млрд теңгеден астам инвестиция құйылды.