Мұндай шешімді Алматы әкімдігі қабылдады.


Жалға алушы бұл шешімге сот арқылы шағымдануға тырысқан, алайда сот оның талабын қанағаттандырмады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"ТФК "Алтын-Тараз" ЖШС-мен жасалған жалдау шарттары көркейту мен инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салынбағандықтан ұзартылмады.

Осылайша мемлекет меншігіне жалпы аумағы 5 гектардан асатын саябақтың 94 жер телімі қайтарылады.

Жалдау шартын тоқтатуға себеп: саябақ аумағының күтімсіз күйге түсуі. Инфрақұрылым әбден ескірген, аттракциондар жаңғыртуды қажет етеді, ал саябақтың өзі қазіргі заман талаптарына сай келмейді.

Болашақта әкімдік саябақты жаңарту жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Жоба аясында көгалдандыру, заманауи демалыс аймақтарын құру, туризм мен мәдениет саласын дамытуға басымдық беріледі. Бұл саябақты тұрғындар мен туристер үшін жайлы әрі тартымды етеді.