Алайда крематорий ғимаратының қашан іске қосылатыны туралы нақты хабарлаған жоқ.

Алматыда бірнеше жылдан бері ашылмай тұрған крематорийдің болашағына қатысты қандай шешімдер қабылданғаны белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.

Агенттік крематорийдің болашағын нақтылау үшін қайтадан Алматы әкімдігіне жүгінді. Ресми сауалға қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді.

Ресми сауалға қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді.

Ведомство мәліметіне сәйкес, ҚР Премьер-министрінің 2025 жылғы 3 шілдедегі тапсырмасын орындау мақсатында крематорийді Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Қалалық патологоанатомиялық бюро" кәсіпорнына беру туралы шешім қабылданған.

– 2025 жылдың 17 қазанында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының "Қалалық патологоанатомиялық бюросы" мүлікті қабылдап алды. Қазіргі уақыта Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласындағы коммуналдық меншігінің кейбір мәселелері туралы" қаулысы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалында тіркелуде, – делінген басқарма жауабында.

Сондай-ақ ведомство барлық рәсімдер қазан айының соңына дейін аяқтаулы тиіс екенін мәлімдеді.