Шымкентте «Қиял әлемі» саябағындағы заңсыз орналасқан нысандар мен аттракциондарды сүру жұмыстары басталды.
Шымкентте «Қиял әлемі» саябағындағы заңсыз орналасқан нысандар мен аттракциондарды сүру жұмыстары басталды. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешіміне сәйкес демалыс орны бастапқы қалпына келтірілмек. Салаға жауаптылардың айтуынша, кәсіп иесіне 3 ай бұрын құрылыс нысандарын өз есебінен бұзуға хабар берілген. Алайда талап орындалмағандықтан, мәжбүрлі түрде бұзу туралы шешім қабылданды. Саябақ 15 жылдан бері жекенің басқаруында болған. Осы уақыт аралығында түрлі аттракциондар орнатылып, тұрғындарға ақылы негізде қызмет көрсетілген. Былтыр ойын-сауық алаңына жүргізілген тексеріс нәтижесінде жер учаскесі мақсатты пайдаланылмағаны анықталды. Бірнеше рет қауіпсіздік ережесінің сақталмауынан адам өлімі де тіркелген. Енді жергілікті билік оның орнына серуендейтін аймақ құрмақ.
Мерлан Керімжанов, қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы:
- Бағалау жүргізілмейді. Бұл жерде мемлекеттің жерін заңсыз пайдаланып жатыр деген шешім шыққан. Алдын ала 2025 жылдың наурыз айында арнайы ескерту беріліп, тиісті жерге шығару жөнінде жер телімі де берілген. Оған келіспеген кәсіпкер осындай жағдайға душар болып отыр.