Дәрігер қантсыз шай ішудің маңызын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі UfaTime.ru сайтына сілтеме жасап.
Дәрігерлердің айтуынша, егер адам күніне бес кесе шайды, әрқайсына екі түйір қант қосып ішсе, адам күн сайын 350 килокалория жинайды. Бұл — бір үлкен бутербродтың калориясына тең. Ал шайға қант қоспай ішу салмақты диета ұстамай-ақ бақылауға мүмкіндік береді.
Қантсыз шайдың тағы бір пайдасы бар. Ол ауыз қуысы ауруларының, әсіресе тісжегінің (кариес) қаупін азайтады. Бұған қоса, қант шайдағы пайдалы антиоксиданттардың ағзаға сіңуіне кедергі келтіреді, сондықтан қанттан бас тарту денсаулыққа тиімді.
Мамандар тағы бір қызық жайтты атап өтті. Уақыт өте адам қантсыз дәмге үйреніп, дәм сезу қабілеті өзгереді. Сол кезде шайдың табиғи дәмі мен иісі жақсырақ сезіліп, басқа тағамдардың да шынайы дәмін анық сезіле бастайды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!