Алматыда кейінгі екі жылда мейрамханалар мен сауда орталықтарында ешкім тамақтан ұшынбаған. Бірақ дәрігерлер ботулизммен ауырған бірер адамды тіркеген. Олардың бәрі үйде жасалған консервілерді тұтынған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Қаткенова мәлімдеді. Сала мамандарының сөзінше, көктем және жаз айларында тағамнан улану жағдайлары жиі кездеседі. Сондықтан алдын алу шараларын ескерген абзал.

"Уланудың алдын алу үшін ерте піскен жеміс-жидек.көкеністі мұқият жуып бір сағатқа, суға салып қою керек. Белгіленбеген сауда орындарынан көкеністерді сатып алуға болмайды", – деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Қаткенова.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget