Енді қолыңыздағы телефонға жолданған SMS әскерге шақырту туралы ресми хабарлама болып танылуы мүмкін. Құжат жобасы 9 қыркүйекке дейін «Ашық» порталында қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Мақсат – азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастырудың бірыңғай тәсілін енгізу. Айта кетейік, жыл сайын ел аумағында 200–250 мың әскери міндетті азамат әскерге шақырылады.