Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Құрметті қызмет алушылар, мемлекеттік корпорация Тәуелсіздік күніне байланысты 2025 жылдың 16 желтоқсанында, сейсенбі күні, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істемейтінін хабарлайды. Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз және көтеріңкі көңіл-күй, отбасыларыңызға шаттық пен береке тілейміз!", – деп жазылған "Азаматтарға арналған үкіметтің" баспасөз қызметі таратқан хабарламада.