17-18 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезі өтеді. 2003 жылдан бастап әр үш жыл сайын Елордада өтіп келе жатқан жиынға алғашында 13 елден 17 делегация келсе, биыл әлемнің 60-қа жуық елінен 100-ден астам делегация қатысады. Бұл – әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің ерекше алаңға айналғанын көрсетеді дейді сарапшы.
Саманта Булатқызы, конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының бас кеңесшісі:
Мұндай алаңның аналогы басқа жоқ деп айтуға болады. Себебі бір үстелдің басында түзде бастары қосылмаған дін лидерлерінің, дін өкілдерінің осы жерде Қазақстанда, бір шаңырақтың астында бір үстелдің үстіне жиналулары біздің ішкі де, сыртқы да саяси көрінісімізге үлкен маңыздылық беріп отыр.
Темірлан Нұрсолтан