"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы мәлімдеді.


2025 жылғы 27 желтоқсан сағат 05:30–дан бастап Шығыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар "Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 166-250-шақырым аралығында (Алтай қаласы — Үлкен Нарын ауылы) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс ашылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шектеу

Ал тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу "Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары" автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қыс аяқталғанша сақталады.

Ал Павлодар облысында "Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолындағы жолайрықтың көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты "Қалқаман" жолайрығы учаскесі жабылды. Атап айтқанда, Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жол уақытша жабық.