"Қазгидромет" РМҚ еліміздің 12 өңірінде құрғақшыл қаупі бар екенін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.


Синоптиктердің болжамынша, биыл маусым айына арналған алдын ала болжамға сәйкес атмосфералық құрғақшылық мына өңірлерде күтіледі:

Қостанай облысында – Амангелді, Қарасу, Әулиекөл және Жангелдин аудандарында;

Батыс Қазақстан облысында – Жаңақала ауданында;

Қарағанды облысында – Шет ауданында;

Ақмола облысында – Ерейментау және Аршалы аудандарында;

Ақтөбе облысында – Шалқар және Ырғыз аудандарында;

Атырау облысында – Құрманғазы және Махамбет аудандарында;

Қарағанды облысында – Ақтоғай, Нұра және Шет аудандарында;

Ұлытау облысында – Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жекелеген елді мекендерінде;

Алматы облысында – Жамбыл ауданында;

Жетісу облысында – Алакөл ауданында;

Жамбыл облысында – Талас ауданында;

Қызылорда облысында – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарында және Қызылорда қаласында.

– Аталған аудандарда жергілікті құрғақшылықтың туындау ықтималдығы жоғары. Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы осы ай үшін қалыпты деңгейге жақын болады деп күтіледі, – делінген хабарламада.

Болжам www.agrodata.kz қосымшасында және Қазгидромет ресми сайтында жарияланған. Қажет болған жағдайда алдын ала болжам нақтыланатын болады.