Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қазандағы жұмыс нәтижесін жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазанда Қылмыстық кодекстің мына баптары бойынша 83 құқықбұзушылық тіркелген:

  • 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) — 12;
  • 190-бап (алаяқтық) — 16;
  • 195-бап (алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) — 1;
  • 206-бап (ақпаратты құқыққа сыйымсыз жою немесе түрлендіру) — 1;
  • 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) — 2;
  • 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) — 3;
  • 364-бап (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) — 1;
  • 366-бап (пара алу) — 26;
  • 367-бап (пара беру) — 11;
  • 368-бап (парақорлыққа делдал болу) — 4;
  • 380-бап (билік өкiлiне күш қолдану) — 1;
  • 394-бап (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) — 2;
  • 414-бап (көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау) — 1;
  • 433-бап (қылмыстық құқықбұзушылықты жасыру) — 2.

Сотқа 54 қылмыстық іс жіберілген:

  • 147-бап (жеке өмiрге қолсұғылмаушылықты және ҚР-ның дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) — 1;
  • 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) — 1;
  • 190-бап (алаяқтық) — 17;
  • 366-бап (пара алу) — 19;
  • 367-бап (пара беру) — 11;
  • 368-бап (парақорлыққа делдал болу) — 5.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget