Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мәлім етті.


Шығыс Қазақстан облысында Күршім ауданының прокуратурасы ҰҚКД және орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген рейд барысында заңсыз алтын өндіру дерегін анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру барысында Маралды ауылдық округінің "Көлшілік" учаскесінде пайдалы қазбалар ауыр техника мен спутниктік байланыс құралдарын пайдалану арқылы заңсыз өндірілгені белгілі болды.

Оқиға орнында 4 адам ұсталды, олардың арасында Өзбекстан Республикасының азаматы да бар. Сондай-ақ экскаватор, автокөлік, мотоцикл, металл іздегіш құрылғылар және өзге де жабдықтар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы бойынша іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.