Алматыда соңғы қоңырау қарсаңында мектеп түлектері ұйымдастырған көлік кортежі тоқтатылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін мұндай шараларды өткізуге тыйым салынғаны жөнінде бірнеше мәрте түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Десе де мектеп түлектері қала көшелерінде көлік колоннасын ұйымдастырып, жол қозғалысы талаптарын өрескел бұзған.

Қабылданған шаралар нәтижесінде кәмелетке толмаған 21 жасөспірімнің ата-анасы балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске сәйкес көліктерді пайдалану қағидасын бұзу дерегі бойынша 5 әкімшілік хаттама толтырған. Көліктер арнайы айыппұл тұрағына қойылды.

"Мерекедегі көңіл күй қоғамдық тәртіпті бұзуға және өзгенің қауіпсіздігіне қатер төндіруге себеп болмауға тиіс", — деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдінұр Тасыбаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty_police_department)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget