Өскеменде Қызылорда облысының өнер күндері өтті. Сыр бойының өнерпаздары жергілікті жұртқа ән мен жырдан шашу шашып, нағыз мерекелік кеш ұсынды , деп хабарлайды 24kz.

Классикалық жанрдан бастап, дәстүрлі жыраулық мұраға дейін дәріптеген сахна саңлақтары көрермендер қошеметіне бөленді. Ал "Сыр өңірі — Түркі өркениетінің алтын бесігі" атты көрме Ақмешіт пен Сығанақ тарихына жетеледі.

Сырдан сәлем әкелген өнерпаздар жұрт назарына ең алдымен өлке тарихынынан сыр шертетін көрме ұсынды. «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты шарада сақ астанасы болған Шірік Рабад, оғыздар орталығы атанған Жанкент қалаларынан табылған жәдігерлер таныстырылды.

Сапар Көзебаев, Қызылорда облыстық тарихи өлкетану мұражайының директоры:

- Білесіз бе, 2000 км жүрдік. Мәдениет, құндылық, тарих бұл әр уақытта қиындық тудындатпайды. Бұны көрсетуіміз керек, таныстыруымыз керек, ел халық көру керек.

Шұғыла Меделбекқызы, қала тұрғыны:

- Экскурциялық жұмыс өте қатты ұнады. Осы жақта болсақ та, Қызылорданың тарихымен толық таныстық деп айтуға болады, одан бөлек, Қызылорда тарихының өте терең екенін көре алдық.

Бұл көрме келгендерді тарихи мәліметпен сусындатып қана қойған жоқ. Кездесуде екі өңірдің мұражай қызметкерлері болашақта өзара тәжірибе алмасуға уағдаласты. Осыдан соң кенді Алтайдың сахна төріне Cыр елінің өнер саңлақтары шықты. Әуезді әндер асқақтап, жыраулық өнердің саф мұрасы ұлықталды.

Самал Байсейітова, опера әншісі, «Құрмет» орденінің иегері:

- Ән-күйіміз, би-жырымыз, бұл ел мен елдің бірлігі, ұлттың, өзіміздің татулымығымыз. Сондықтан бұл шара әлі де болашақта басқа облыстарда жалғасын табады деген ойымыз бар.

Қызылорда облыстық филоромониясының симфониялық оркестрі, «Томирис» би анасмаблі, хор ұжымы, жеке әншілер мен жыршылар өнері зал толы халықты бір серпілтіп тастады. Осылайша, Төр Алтай мен сұлу Сырдың арасындағы мәдени байланыс ерекше бір белеске көтерілді.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов