Көрме негізгі 4 тақырыптық аймаққа бөлінген: ауа, су, жер және от.


Бұл арқылы да Винчи табиғат заңдылықтарын зерттеп, оны инженерлік шешімдерге айналдырғаны көрсетіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Көрмеге ұлы ойшыл, суретші және өнертапқыш Леонардо да Винчи-дің ерекше туындылары мен инженерлік идеяларына арналған 40-тан астам көлемді макет қойылады. Барлығы Рим мен Флоренция музейлерінен әкелінеді. Олар да Винчидің түпнұсқа сызбалары негізінде қайта жасалған.

Экспозиция мультимедиялық форматта ұсынылады: LED-туннельдер, голограммалар және цифрлық проекциялар арқылы келушілерге оның идеялары визуалды түрде таныстырылады.

"Көрме 2026 жылдың 19 мамыры мен 30 қыркүйегі аралығында өтеді. Күн сайын 10:00-20:00 аралығында ашық болады", – делінген министрлік таратқан хабарламада.