Алматыда соңғы күндері кәсіпкер Александр Беловичке қатысты жалған ақпараттар таралуына байланысты, оның мүддесін қорғаушы өкіл қоғам мен БАҚ-қа ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жақында Алматы қаласында қашқын кәсіпкер Лилия Аношинаға байланысты жаңа жағдай белгілі болды. Оның қызы, Австрия азаматы Лара Эртль полицияға арыз жазып, өзіне қоқан-лоқы жасалды деген аудиожазбаны тапсырған. Осы негізде Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады.

Айта кетейік, Қазақстанда Лилия Аношинаға қатысты алаяқтық пен ақша бопсалау деректері бойынша тергеу жүріп жатыр. Ол халықаралық іздеуде. Бұл істердің бірі бойынша жәбірленуші ретінде кәсіпкер Александр Белович танылған.

Өкілдің айтуынша, жазадан құтылуды көздеген Аношина мен оның айналасы фейк материалдарды, соның ішінде нейрожелілер арқылы жасалған жалған жазбаларды таратуды бастаған. Соның айқын мысалы – Аношинаның қызы жариялаған «аудио». Бұл жазбада Беловичтің даусы қолдан қолдан жасалған. Бұған дәлел – әдейі қосылған монтаждық шу, мұны Лара Эртльдің өзі мойындаған.

Сонымен қатар, мұндай әрекет – жаңа бопсалау тәсілі. Бұған дейін де Аношина Беловичтен ақша талап етіп, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. поштасынан қорқытып хаттар жолдағаны айтылды.

Мәселе Монакодағы сот шешімімен де байланысып отыр. Онда Лилия Аношина мен Лара Эртль сотқа қарыздан жалтару үшін жалған «қарыз кешірімін» көрсеткені дәлелденді. Сарапшылар құжаттағы Беловичтің қолтаңбасын жалған деп таныды. Сот шешімі бойынша Аношина мен Эртль кәсіпкерге қарызды қайтаруы тиіс.

Осыған байланысты Александр Беловичтің өкілі қоғамды тек ресми құжаттар мен құқық қорғау органдарының шешімдеріне сүйенуге шақырды. Ол жалған ақпараттарды таратпауға және бизнесменнің абыройына нұқсан келтірмеуге үндеді.