Прокуратура араласуымен қаражат мемлекетке өндірілді.
Астана қаласының тұрғыны арнайы лицензиясыз онлайн ойын бизнесін ұйымдастырғаны белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның бақылауымен мобильді қосымша арқылы жұмыс істеген онлайн казино TikTok және YouTube желілеріндегі тікелей эфирлер арқылы таратылып, азаматтар құмар ойындарға ақша аударып отырған.
Заңсыз қызмет нәтижесінде айыпталушы ірі көлемде табыс тапқаны анықталды.
Сот оны кінәлі деп танып, рақымшылық актісіне сәйкес жазадан босатқан. Алайда заңсыз жолмен алынған қаражатты тәркілеу мәселесі қаралмаған.
Осыған байланысты прокуратураның кассациялық наразылығы қанағаттандырылып, сот актісі өзгертілді. Нәтижесінде сотталған адамнан мемлекет пайдасына 9,9 млн теңге заңсыз табыс өндірілді.