Қазақстанның Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Астана халықаралық қаржы орталығы сотының ресейлік «Газпром» мен украиналық «Нафтогаз» компаниясы арасындағы дауға қатысты шешімі Қазақстан аумағында орындалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.


Zakon.kz мәліметінше, министр Астана халықаралық қаржы орталығы соты шығарған сот бұйрығы жауапкердің қатысуынсыз, біржақты тәртіпте қабылданған және ол әлі заңды күшіне енбегенін айтқан.

«Бұл түпкілікті шешім емес. Жауапкер 14 күн ішінде оны жою туралы өтініш бере алады. Осыдан кейін іс екі тараптың қатысуымен толық қаралады», деді Ерлан Сәрсембаев.

Еске салсақ, «Газпром» мен «Нафтогаз» арасындағы дау 2019 жылғы ресейлік газ транзитіне қатысты келісімшарт міндеттемелеріне байланысты туындаған. 2025 жылы Швейцария арбитражы осы іс бойынша шешім шығарған.

Иран Дубайдағы Халықаралық қаржы орталығына соққы жасады

Министр Қазақстанның 1958 жылғы Нью-Йорк конвенциясына қатысушы екенін де еске салып, Қазақстан өзімен құқықтық байланысы жоқ шешімдерді орындау үшін «транзиттік алаңға» айналмайтындығын жеткізді. Оның сөзінше, шетелдік арбитраж шешімдерін орындау әр мемлекеттің ішкі процессуалдық заңнамасына сай жүзеге асады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдаған еді.