Президент жолдауда айтқан міндеттер аясында денсаулық сақтау жүйесі кешенді түрде жаңғыртылып жатыр. Мәселен, бүгінде еліміздегі орташа өмір сүру ұзақтығы алғаш рет 75 жасқа жетті. Сондай-ақ ана өлімі 12%-ға, сәби өлімі 11%-ға төмендеді. Балаларға туғаннан бастап 4 түрлі скрининг жүргізіледі. Ал 50 жастан асқан ер адамдарға инсульт қаупін анықтайтын жаңа тексерулер басталды. Сонымен қатар «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 538 нысан салынды. Қазақстанда жүрек пен өкпені, сондай-ақ бүйректің үшжақты айқаспалы трансплантациясы сынды оталар жасалып, ел әлем бойынша күрделі операцияларды жасай алатын 6 мемлекеттің қатарына кірді. Биыл медициналық ЖОО-ны 11 600 түлек аяқтайды, олардың үштен екісі өңірлерге жолданады. Алдағы уақытта бұл реформалы жүйелі жалғасын табады, дейді жауаптылар.

Ақмарал Әлназарова, Денсаулық сақтау министрі:

Мемлекетіміздің ерекше басымдықтарының бірі – халықтың денсаулығын қорғау. Біздің мақсатымыз 2029 жылға қарай халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізу. Жалпы, бұл мақсат қолжетімді. Жыл сайынғы динамикада халықтың денсаулығының оң көрсеткіштері байқалады. Осы жетістіктер Мемлекет басшысы мен Үкіметтің қолдауы арқасында халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік туып отыр.

Ернұр Медет