Қазақстандық журналист Ботагөз Омарова Руслан Берденовті өлтіруге оқталу ісін қараған судьяның камераға тілін шығарған видеосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шымкентте судья Әбинұр Қарабаев журналистке қарап, ойнақы қимыл жасады. Журналист судьяның неліктен өз эмоциясын бұлай білдіргені әзірге белгісіз.

"Қарабаевқа не болды? Бұл қимылға не себеп болды? Бәрі жақсы ма? Мен білмеймін, мен ол үшін алаңдаймын", – деді Омарова.

Соңында журналист әріптестерінен Қарабаевтың тағы кімге тілін шығарғанын сұрады.

@tizginkz Шымкентте әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық ісі бойынша сотта судья журналиске тіл шығарған Журналист Ботагөз Омарова мұндай қылықты бұрын-соңды ешбір судьядан көрмегенін айтады. Әрекеттің себебі белгісіз: автор бірнеше нұсқа ұсынады. Судья Әбинұр Қарабаев мұны қалжың болуы мүмкін немесе журналистің қатысуына реакция деп болжайды. Видеоны журналистің өзі жариялады #берденов #шымкент #судья ♬ original sound — tizginkz