Прокурор Бауыржан Караманов айыпталушы Ернар Жиенбайға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталуда.

Айыптаушының айтуынша, қылмыстың ауырлататын мән-жайы – Жиенбайдың қылмысты алкогольдік мас күйінде жасауы болды.