6 тамызда бірқатар ақпараттық ресурстарда «Руслан Берденов сотқа келмеді» деген тақырыптар жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жаңалықтан кейін кей азаматтар оның денсаулығына қатысты күмән келтіріп, «шын мәнінде науқас па?» деген сұрақтар қойды. Осы пікірлерге жауап ретінде Руслан Берденовтің рұқсатымен операция үстелінде түсірілген суреттер жарияланды.

Фотоларда оның жарақаты мен хирургиялық араласу сәті анық көрінеді. Берденовтің жақындарының айтуынша, бұл қадам — қауесеттер мен негізсіз айыптауларға нүкте қою үшін жасалған.

«Денсаулығына байланысты сотқа келе алмады» деген ресми ақпаратты жоққа шығарып, күмән тудырғандарға дәлел ретінде ашық түрде ұсынылды.

Еске салайық, Берденов — қала әкімінің орынбасары, ол қазір өзіне жасалған қастандық ісі бойынша сот процесінің басты фигуранттарының бірі.