Желі арқылы жазба қалдырған күдіктінің анасы Светлана Сариева есімді азаматша отбасында болған ауыр жағдай туралы алғаш рет ашық пікір білдірді. Ол өз жазбасында ұлы Ернардың үнемі қайырымдылықпен айналысқанын айтып, жақсылықтарына тоқталды, деп хабарлайды Skifnews.kzақпарат порталы.

Мен Ернардың анасымын. Бұл сөзді айту – маған да оңай емес.

Қазір ұлымның аты түрлі жаңалықтарда жиі аталып жатыр. Иә, болған істі жоққа шығаруға болмайды. Бірақ бір ғана сәтпен бүкіл өмірін өлшеу – әділдікке жатпайды.

Ернар әрдайым жаны таза, жүрегі кең бала болды. Жетімдерге, қарияларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсетіп, қолынан келгенше көмектесіп жүрді. Жақсылығын ешқашан жария қылмады. Өзім де талай мәрте оның біреуге үнсіз көмектесіп, қамқор болып жүргенін байқадым.

Осы видео – соның тек бір ғана көрінісі. Ол жылдар бойы адамдарға демеу бола білді.

Бүгін оның жүрегін түсінуге, адамгершілігін ескеруге шақырамын. Ернар — бір сәттік қателіктен бөлек, қаншама игі істің иесі.

Мен баламның қайтадан елге қызмет ететін, адал жолына оралатынына сенемін.

Қоғамда әділдікпен қатар мейірім де болса екен деймін.

Қазір ұлымның аты түрлі жаңалықтарда жиі аталып жатыр.

Баршаңызға алғысым шексіз", — деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сариева Светлана (@sarieva.svetlana1)