Еуроодақ Сирияны экономикалық санкциялардан босатты , деп хабарлайды 24kz.
Ресми құжат ұйым кеңесінің жиынында қабылданды. Тізімнен елдің Орталық банкі, мұнай өндіру және мақта өңдеу компаниялары мен бұқаралық ақпарат құралдары шығарылды.
Еуроодақтың Жоғары өкілі Кая Каллас: «Бұл шешім соғыстан экономикасы құлдыраған Сирияны қайта құруға сеп болады», — дейді. Одақ елдері Дамаскіні 2011 жылы экономикалық қыспаққа алды. Орталық банк активтерін бұғаттап, мұнайын сатқызбай, инвестиция салмай қойған еді. Жуырда АҚШ та Сирияға қарсы экономикалық қысымды әлсіретті. Бірақ санкциялардан толық босатқан жоқ.