Сирияның Алеппо қаласында үкімет әскері мен күрдтер арасында қарулы қақтығыс болды.

Атыстан екі бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында балалар мен азаматтық қорғаныс қызметкерлері бар. Қазір қос тарап уақытша бітімге келген. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады. Оқиғадан кейін қауіпсіздік мақсатында Алепподағы мемлекеттік мекемелер мен оқу орындары уақытша жабылған.