Мұрнының астына шыққан безеуді сығамын деген әйел бетін сезбей қалған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап.

Беттің белгілі бір аймағындағы безеуді сығуға болмайды, оның салдары ауыр болуы мүмкін. Дәл осы аймақта безеуді қысып шығару қатаң тыйым салынған.Бұл аймақ "өлім үшбұрышы" деп аталады.

"Өлім үшбұрышы" туралы

Дәрігерлер көз айналасы, мұрын үсті, ерін бұрышы мен үстіңгі ерін арасындағы аймақты "өлім үшбұрышы" деп атайды. Себебі бұл жерде орналасқан тамырлар тікелей миға жалғанады. Егер инфекция қанға түссе, салдары өте ауыр болуы мүмкін. Бұл соқырлыққа, қайтымсыз салдануға, тіпті өлімге дейін әкеп соғады.

Қауіпті тәжірибе

АҚШ-тағы блогер Лиш Мари осы ережеге мән бермей, мұрнының астындағы безеуді тырнағымен сығып тастаған. Бірнеше сағаттың ішінде бетінің сол жағы қатты ісіп, қатты ауырғандықтан күле де алмай қалған. Ерінінің сол жағын да сезбей қалды.

Жағдайы нашарлаған соң ол жедел жәрдемге жүгінген. Дәрігерлер оған антибиотик пен стероидтар жазып берген, себебі инфекция қанға түсіп кеткен. Әйелдің беті шамамен бір тәулік қисайып тұрды. Толық қалпына келуіне үш күн кеткен.

Дәрігерлердің ескертулері

"Безеуді сығып жібергеннен кейін бактерия қанға түсіп, миға жетуі мүмкін. Бұл каверноз синус тромбозы сияқты ауыр инфекцияларға әкеледі", – дейді дерматолог Вишакха Дхорде.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget