Шымкент қаласында ересектер мен балалардың медициналық оңалту қызметіне қол жеткізе алуы артты. Қалада кардиологиялық, неврологиялық, ортопедиялық, травматологиялық, пульмонологиялық және жалпы оңалту бағыттары бойынша 34 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Мұнда созылмалы сырқатқа, инсультқа шалдыққан науқастар мен күрделі операция жасатқан және жарақат алған азаматтардың медициналық оңалту емдерін алуына жағдай жасалған. Қызмет әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін көрсетіледі. Оңалту орталықтарында дәрілік ем, физиотерапия, дене шынықтыру, массаж, магнитотерапия, ингаляция, сондай-ақ психолог, логопед-дефектолог, невролог және пульмонолог дәрігерлерінің қызметтері бар. Қозғалыс функцияларын қалпына келтіруге, психоневрологиялық және ортопедиялық патологияларды түзетуге бағытталған кешенді реабилитация жасалады.
Арапкүл Ізбасарова, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Шымкент қалалық филиалы директорының орынбасары:
Биылғы жылы 1,5 мыңға жуық оңалту шаралары жүзеге асырылды. Пациенттеріміздің бәрі осы көмекті алып, жағдайы жақсарғаннан кейін динамикасы бақылауға алынып, тағы да қажет болып жатса, 2, 3-кезеңге бара алады.
Ғани Қалмаханов