«Фольксвагеннің» 20 мың қызметкері алдағы 4 жыл ішінде өз еркімен жұмыстан кетуге келісті, деп хабарлайды 24kz.

Олардың үштен екісі зейнетке шығатын болды. Неміс автоконцерні қызметкерлеріне жәрдемақы төлейді. Оның мөлшері еңбек өтіліне байланысты. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, сомасы 400 мың еуроға дейін жетуі мүмкін. Еуропаның ең ірі автоконцерні өндірістік қуатын азайтып, 2030 жылға таман 35 мың қызметкерін қысқартуды жоспарлап отыр. Оған қытайлық компаниялар тарапынан бәсекенің артуы мен Еуропада сұраныстың төмендеуі себеп.