Еуропаның ірі қорғаныс және авиация компаниялары акционерлеріне шамамен 5 миллиард доллар көлемінде дивиденд төлейді. Бұл кейінгі 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.
Financial Times басылымының хабарына қарағанда негізгі өсім Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция және Швециядағы өндіріс орындарына тиесілі. Сарапшылар мұны әлемдегі қарулы қақтығыстардың жиілеуімен байланыстырады.